«Тәртіп бар жерде - тұрақтылық бар»

Тәртіп бұл қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Адамдар белгілі бір ережелер мен заңдарды сақтағанда ғана қоғамда үйлесімділік орнайды. Сондықтан тәртіп - әрбір азаматтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

 

Тәртіп ең алдымен отбасынан басталады. Бала кішкентайынан дұрыс тәрбие алып, үлкенді сыйлап, ережені сақтауды үйренсе, ол өскенде саналы азамат болады. Ал мұндай азаматтар қоғамның дамуына оң әсер етеді.

 

Қоғамдық орындарда, жолда, оқу орнында немесе жұмыс орнында тәртіп сақтау - әр адамның міндеті. Жол ережесін сақтау адам өмірін сақтайды, ал қоғамдық тәртіпті бұзу түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

 

Қазақстанда да тәртіп мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауларында «Заң мен тәртіп - тұрақты мемлекеттің негізі» екенін атап өткен болатын. Бұл - қоғамда әділдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарты.

 

Мысалы, елімізде жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жол ережесін сақтамаудан орын алады. Жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, бағдаршам талаптарын елемеуі немесе мас күйінде көлік жүргізуі қайғылы жағдайларға әкеліп жатады. Мұндай оқиғалар тек бір адамның емес, тұтас отбасының тағдырына әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат қарапайым тәртіп ережелерін сақтаудың өзі үлкен жауапкершілік екенін түсінуі қажет.

 

Тәртіп бар жерде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына ықпал етеді. Тұрақтылық болған жерде инвестиция келеді, жаңа мүмкіндіктер ашылады, халықтың өмір сүру деңгейі артады.

 

Тәртіп - тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның игілігі үшін  маңызды құндылық. Әркім өзінен бастап тәртіпті сақтаса, елімізде тұрақтылық пен даму нығая түседі.

Жанылсын Серикова, 

студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT