Тәртіп – кез келген қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі тірегі. Адамдар заңды сақтап, өз міндетіне жауапкершілікпен қараған жерде тыныштық пен өзара сыйластық қалыптасады. Ал тыныштық бар жерде еңбек өнімді болып, береке мен бірлік артады.
Тәртіп тек ережеге бағыну емес, ол – мәдениет, адамгершілік және ортақ жауапкершілік. Әр азамат қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстап, заң талаптарын орындаса, қоғамда әділдік орнайды. Осындай ортада өскен ұрпақ та саналы, тәрбиелі болады.
Сондықтан тәртіпті сақтау – тек мемлекеттің емес, әр адамның борышы. Тәртіп бар жерде шынымен де береке, татулық және тұрақты даму болады.
Жансая Жамбул
оқушы

