Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен өзге де қылмыстардың алдын алу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Әрбір адам қауіпсіз өмір сүруге, өз құқығы мен ар-намысының қорғалуына лайық.
Сондықтан қылмыстың алдын алу үшін заң талаптарын қатаң сақтау, адамдар арасында сыйластық пен адамгершілік қасиеттерді насихаттау қажет. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға уақытылы көмек көрсетіліп, құқық қорғау органдары тарапынан тиісті шаралар қолданылуы тиіс. Қоғам болып бірлесе әрекет еткенде ғана бейбіт, қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз



