Тұрмыстық жанжал – қоғам қасіреті

Тұрмыстық жанжал – қазіргі қоғамдағы ең өзекті және күрделі мәселелердің бірі.

Бұл түсініспеушілік отбасы мүшелері арасындағы психологиялық, физикалық немесе экономикалық қысымнан туындайды. Көбінесе ұрыс-керіске қаржылық қиындықтар, жұмыссыздық және зиянды әдеттер себеп болады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың бір-бірін тыңдамауы мен сыйламауы да дағдарысқа әкеледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек бір шаңырақтың емес, бүкіл әлеуметтік ортаның қасіреті. Мұндай шиеленістерден ең бірінші кезекте жазықсыз балалар зардап шегеді. Ұрыс-керісті көріп өскен баланың болашақта психологиялық соққы алу қаупі өте жоғары.
Сондықтан мемлекет бұл мәселемен күресу үшін заңнамалық шараларды үнемі күшейтіп келеді. Қазіргі уақытта елімізде жәбірленушілерге көмек көрсететін арнайы дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Әрбір азамат отбасындағы агрессияға бейжай қарамай, дер кезінде дабыл қағуы тиіс. Мәселені ушықтырмай, психологтар мен заңгерлердің кеңесіне жүгінген абзал.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT