Индер ауданында алаяқтық пен ұрлықтың алдын алу шаралары жүргізілді.
Индер ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті мекемелерді аралап, қызметкерлер мен ХҚК орталығына келген тұрғындарға түсінік жұмысын жүргізді.
Негізгі мақсат:
Тұрғындарды интернет алаяқтардан қорғау;
Мүлік ұрлығының алдын алу;
Сақтық шараларын түсіндіру және жадынамалар тарату.
Полиция ескертеді: Бейтаныс сілтемелерді ашпаңыз, құпия кодтарды ешкімге айтпаңыз. Сақ болыңыз!

