«Түнгі қала – қауіпсіз балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар мамандары бірлесіп Жайық өзенінің жағалауына рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында өзен жағалауында жүрген жасөспірімдермен судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау, түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрмеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және заң талаптарының сақталуын түсіндіру.
Индер аудандық полиция бөлімі



