«Түнгі қала – қауіпсіз балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шараларға басымдық берілді.
Мұндай рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және балалардың заңды өкілдерінің бақылауын күшейту арқылы қауіпсіз орта қалыптастыру.
Полиция бөлімі



