Telegram арқылы жасалатын интернет алаяқтықтан сақ болайық

Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе, алаяқтар Telegram әлеуметтік желісі арқылы түрлі айла-тәсілдерді қолданып, азаматтарды алдап соғуда. Олар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе таныс адам ретінде таныстырып, жалған сілтемелер жіберу арқылы жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін алуға тырысады. Кей жағдайларда “жеңіл табыс”, “ұтыс”, “арзан несие” секілді жалған жарнамалар арқылы да халықты арбайды.


Осындай әрекеттердің салдарынан көптеген азаматтар қаржылай шығынға ұшырап жатыр. Сондықтан әр адам интернетте сақтық шараларын ұстануы қажет. Белгісіз адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпау және күмәнді аккаунттарға сенбеу маңызды. Сонымен қатар, екі деңгейлі қорғаныс жүйесін қосып, тек ресми ақпарат көздеріне ғана жүгінген дұрыс.
Интернеттегі қауіпсіздік – заман талабы. Әрбір азамат ақпараттық сауаттылықты арттырып, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға барынша мұқият болуы керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT