ТЕКСЕРІЛМЕГЕН АҚПАРАТТЫ ТАРАТПАҒАН ЖӨН

ІІМ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ақпаратты тарату деп мәліметтерді басқа тұлғаларға жеткізу бағытталған кез келген әрекеттер түсініледі, егер бұл үшінші тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етсе , соныі ішінде жарияланымдар, репосттар, мессенджерлер мен өзге де цифрлық платформаларда хабарламаларды жіберу жатады. Пайдаланушы оған ешқандай пікір жазбасада немесе ақпараттың «тексерілмегенін» көрсетсе де, бұл оны жауапкершіліктен босатпайды. Біреудің тексерілмеген деректерін бөліссе де сондай жауапкершілік бар. Айта кетер жайт, мұндай жари­яланымды өшіріп тастау салдардан құтылуға кепілдік бермейді. Егер та­рату кезінде ақпарат жалған болған болса, ескі жарияланымдар немесе репосттар үшін де жауапқа тартуы мүмкін. 

Сондықтан әлеуметтік желіні пай­даланар алдында әр адам ақпараттың рас-өтірігін тексеру қажет. Бұл жерде цифрлық гигиенаны ұстану қажет. Мәселен органдардың назарына ілікпеу ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, деректерді бірнеше тәуелсіз дереккөбен салыстыру қажет. Бұған қоса жарияланған күніне назар аударып, эмоционалды және арандатушылық хабарламаларға сыни тұрғыдан қарап, күмәнді контентті таратпау қажет. Ең бастысы жеке деректеріңізді үшінші тұлғаға беруге болмайды . Егер ақпараттың шынайылығына күмән болса, оны та­ратудан бас тартқан жөн.

 

Ж.Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT