«Таза Қазақстан» акциясы жастарға үлкен мотивация береді. Себебі туған жердің тазалығы мен әсемдігі әр тұрғынға байланысты. Егер әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстаса, ауылымыз да көркейіп, экологиялық жағдай жақсарады. Қазіргі таңда жастар әлеуметтік желіде ғана белсенді болмай, қоғамдық жұмыстарға да жиі араласуы қажет деп ойлаймын. Біз сенбіліктерге қатысып, табиғатты қорғау арқылы кейінгі буынға жақсы үлгі көрсетеміз. Табиғатты аялау – бұл тек бір күндік жұмыс емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы керек. Сондықтан барша тұрғындарды тазалықты сақтауға және туған жерімізді бірге көркейтуге шақырамын

