Тазалықтың туын көтерген еңбек адамдары

Ауылымыздың таза да көрікті болуы – күн сайын еңбек етіп жүрген тазалықшылардың маңдай терінің нәтижесі. Таңмен таласа жұмысқа кірісіп, көше бойын сыпырып, шашылған қоқысты жинап жүрген апайлар мен ағайлардың еңбегі зор құрметке лайық. Кейде көзге көріне бермейтін осы еңбектің арқасында ауылымыз ажарланып, айналамыз таза болады. Сондықтан тазалық қызметкерлеріне құрметпен қарап, олардың еңбегін бағалауымыз керек. Тазалықты сақтау – тек бір мекеменің емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

Шаттық Қайырлы 

Оқушы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT