Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елді мекендердің көркеюіне, тұрғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін беруде. Бұл игі бастама аясында Өрлік ауылдық округінде де жүйелі жұмыстар атқарылып, қоршаған ортаны таза ұстау бағытындағы шаралар қарқынды жалғасуда.
Өрлік ауылдық округі бойынша 2026 жылға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, учаскелік полиция инспекторы А.Аманғалиев пен бас маман Ж.Даулетова 3 тұрғынға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505-бабы 1-бөлігімен елді мекенді абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін хаттамалар жасап, ескерту берді.
– Тазалық айлығы жарияланғалы бері ауылда 4 сенбілік ұйымдастырылып, мекеме айналасындағы шөптер және көше бойындағы өсіп тұрған арам шөптер мен малдың тезектері тазартылып, қоқыстар шығарылды. Ол үшін арнайы 1 трактор техникасы бөлініп, 4 тонна қоқыс арнайы алаңға төгілді. Ауыл көшелерінде орналасқан ескі 3 баннер жаңартылды.
Сондай-ақ көше жарық шамдары ауыстырылды. Иесіз бұралқы иттер ауланды. Алдағы уақытта іс-шара жалғасын табатын болады, – дейді округ әкімі Мұратбек Қаженов.

