«Таза Қазақстан» акциясы ауданымызда қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға серпін беріп отыр.
Аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Сонымен қатар көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстар да жалғасын табуда. Мұндай бастамалар елді мекеннің сыртқы көрінісін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырады. Таза әрі көрікті аудан құру – бір мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ мақсаты.
Нұрбол Беккалиев
Кент тұрғыны



