Тазалықтан басталатын тәрбие

«Таза Қазақстан» – бұл тек бір реттік акция емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды бастама. Мемлекет басшысы      Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елдің тазалығы – ұлттың мәдениеті мен санасының көрінісі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және туған жерді таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға жастардың белсенді қатысуы – болашаққа деген сенімнің белгісі. Әр адам өз ауласынан бастап тазалық сақтаса, еліміз көркейіп, келер ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз.

Таза табиғат – денсаулықтың кепілі, ал таза қоғам – жарқын болашақтың негізі. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы әр жүректе жауапкершілік пен жанашырлықты оятуы тиіс.»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT