Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Еліміздің әрбір азаматы экологиялық мәдениетті бойына сіңіріп, қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуы керек" деген еді.Бұл жай ғана сөз емес. Бұл - 21 ғасырдағы ұлттық идея.
"Таза Қазақстан" акциясы не үшін қажет?
Себебі біз ұрпағымызға мұра қалдырамыз. Қоқысқа толған өзенді ме, әлде таза дала мен мөлдір ауаны ма?Бүгін елімізде еріктілер көше сыпырып, ағаш отырғызып жатыр. Бұл бір күндік науқан емес. Бұл - сананы өзгерту.
3 маңызды қадам бар:
Өзіңнен баста - қоқысты жерге емес, қоқыс жәшігіне таста. Басқаға үлгі бол - көршіңе, балаңа үйрет. Жауапкершілік ал - сын айтқанша, өзің бір қап қоқыс жина. Президенттің сөзіне қосыламын: "Тазалық пен тәртіп қоғамның даму көрсеткіші". Таза аулада бала ойнағысы келеді. Таза қалаға инвестор келеді. Таза елді әлем құрметтейді.Сондықтан "Таза Қазақстан" - бұл мемлекеттің бағдарламасы ғана емес. Бұл - біздің бәріміздің болашағымыз үшін күрес.
Маргарита Аманжолова,
Аққала орта мектебінің мұғалімі



