Көше тазалығы – тұрғындардың ортақ жауапкершілігі.
Көше тазалығы – ауылдың көркі мен тұрғындардың мәдениетін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Таза әрі ұқыпты көшелер адамдарға жайлы орта қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты белгіленген орындарға тастап, сенбіліктерге белсенді қатысса, ауылымыз одан әрі көркейе түседі. Тазалықты сақтау – тек мекемелердің ғана емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті.
Н.Жұмашева
аудан тұрғыны



