Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды тазалыққа, ұқыптылыққа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Бұл бастама қоғамның экологиялық санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Тазалық жұмыстары тек сенбіліктермен шектелмеуі тиіс. Әрбір азамат күнделікті өмірінде тазалықты сақтап, қоқысты белгіленген орындарға тастап, табиғатты қорғауға атсалысуы керек. Сонда ғана еліміздің қалалары мен ауылдары көркейіп, қоршаған орта таза болады.
Таза табиғат – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысу арқылы біз келешек ұрпаққа көркем де таза ел қалдыруға өз үлесімізді қоса аламыз.



