«Таза Қазақстан» акциясы ауыл тұрғындары үшін өте маңызды бастама деп есептеймін. Себебі тазалық – денсаулықтың кепілі.
Қазіргі таңда жастар тек өз болашағына емес, қоршаған ортаның тазалығына да жауапкершілікпен қарауы керек. Біз ауыл жастары сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, көшелерді, саябақтарды және өзен жағалауларын тазалауға атсалысып жүрміз. Осындай жұмыстар арқылы туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қосамыз. Таза ауыл – тұрғындарға да жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан әр адам өз ауласын ғана емес, қоғамдық орындарды да таза ұстауға мән беруі қажет деп ойлаймын.

