ТАЗАЛЫҚҚА БІРГЕ ҮЛЕС ҚОСАЙЫҚ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Индер ауданында абаттандыру, көшелерді тазалау, шөп шабу, қоқыстарды жинау және арнайы орындарға шығару жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесі елді мекендердің сыртқы көрінісінен ғана емес, тұрғындардың күнделікті өміріне де әсер етеді.

Ауданда сенбіліктер ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері мен тұрғындар ортақ іске атсалысып жүр. Көшелердің бойындағы артық шөптер шабылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен шығарылуда. Мұндай жұмыстар бір ғана ұйымның немесе белгілі бір мамандардың міндеті емес. Елді мекеннің тазалығы – сол жерде тұратын әр адамның ортақ жауапкершілігі.

Меніңше, тазалық жұмыстарының ең маңызды нәтижесі – қоршаған ортаның көркеюімен қатар, адамдардың қоғамдық орындарға деген көзқарасының өзгеруі. Өзіміз тұратын көшеге, аулаға, саябаққа ұқыпты қарасақ, атқарылып жатқан жұмыстардың да нәтижесі ұзақ сақталады.

«Таза Қазақстан» – нақты іспен көрінетін бастама. Сондықтан ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, тазалықты сақтауға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Ақжан Жаманқұлова

кент тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT