«Тазалыққа бірге қадам басайық!» 

Тазалық – қоғамның ортақ құндылығы. Қоршаған ортаны таза ұстау тек арнайы шаралардың емес, әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы керек.

«Таза Қазақстан» бастамасы халықты туған жерге жанашырлықпен қарауға, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Бір адамның жасаған жақсы әрекеті өзгеге үлгі болып, үлкен өзгерістерге бастайды.

Аула тазалығы, көшелердің көріктілігі, табиғаттың сақталуы – барлығымыздың бірлескен еңбегіміздің нәтижесі. Тазалықты сақтау арқылы біз өзімізге де, келешек ұрпаққа да қолайлы орта қалыптастырамыз.

Тазалық – тәртіптен басталады. Сондықтан әрқайсымыз игі іске үлес қосып, таза Қазақстан құруға бірге қадам басайық!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT