«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, оған мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары жұмылдырылды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.


