Тазалық – табиғатқа жанашырлықтың белгісі

Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігін көрсететін маңызды құндылықтардың бірі. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатты қорғауға, туған жердің көркеюіне және халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін беріп отыр.

Тазалық – тек сенбілікке шығып, қоқыс жинаумен шектелмейді. Ол – адамның күнделікті өмір салты, қоршаған ортаға деген құрметі. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, өзен-көлдердің тазалығын сақтау – табиғатқа жасалған жанашырлықтың айқын көрінісі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген өңірлерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар мен өзен жағалаулары тазартылуда. Мұндай игі бастамалар қоғамдағы бірлікті нығайтып, жастарды еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.

Таза орта – дені сау ұлттың кепілі. Сондықтан туған жердің тазалығына бейжай қарамай, әр азамат өз үлесін қосуы тиіс. Себебі тазалық бар жерде – тәртіп, ал тәртіп бар жерде – береке мен игілік болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT