Ауданымызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Көшелер мен аулалар тазаланып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде.
Тазалықты сақтау тек арнайы қызметтердің міндеті емес. Ол – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. «Тазалықты біреу жасайды» деп қарап отырмай, әрқайсымыз өз ауламыздан, өз көшімізден бастасақ, ауданымыздың көркі де арта түседі.
Л.Шалакенова
аудан тұрғыны


