«Таза Қазақстан» бастамасы әрбір тұрғынды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.
Ауылдың ажары мен көшенің көркі ең алдымен тұрғындардың тазалыққа деген көзқарасына байланысты. Өз үйіміздің айналасын таза ұстап, қоғамдық орындарға қоқыс тастамау арқылы ортақ іске үлес қосамыз. Тазалықты бір күндік міндет емес, күнделікті әдетке айналдыруымыз керек.
А.Дүйсенбаев
кент тұрғыны



