Тазалық-әр тұрғынның ортақ міндеті

«Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті арттыруға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Сенбіліктер кезінде тұрғындар бірігіп, көшелерді қоқыстан тазартып, аулаларды ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жұмыстар елді мекеннің сыртқы көрінісін ғана емес, адамдардың тазалыққа деген көзқарасын да өзгертеді.

Тазалық бір күндік сенбілікпен аяқталмауы керек. Қоқысты белгіленген орынға тастау, аула мен көше тазалығына мән беру, жасыл желектерді күтіп-баптау – күнделікті әдетке айналғаны дұрыс. Себебі таза орта қалыптастыру үлкен істен емес, қарапайым әрекеттен басталады.

Әрқайсымыз «Бұл менің міндетім емес» демей, «Бұл – менің ауылым, менің көшім» деген түсінікпен қарасақ, нәтижесі де жақсы болады. Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік.

 

Ақжан Нысанқұлқызы

кент тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT