«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны абаттандыру, тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Бөдене ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында округ орталығындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткіші маңы тазартылып, айналасы абаттандырылған. Жалпы тазалық жұмыстары нәтижесінде аумақ қоқыстан тазартылып, көгалдандыру және көркейту шаралары жүргізіліпті.
«Жеңіс» саябағында жүрекке жылы тиетін ерекше көрініс болды. Бөдене мектебінің 1988 жылы туған түлектері 20 жылдан кейін бас қосып, жай ғана кездесіп қоймай, елге пайдасы тиетін іс тындырып, 88 түп жеміс ағашын отырғызды.
Алма, алмұрт, өрік, шабдалы, бәрі-бәрі де ертең біреуге сая, біреуге дәм, біреуге қуаныш болары сөзсіз. Бұл игі бастама қоршаған ортаны көркейтуге және ауылдың жасыл желегін арттыруға себеп болады деп сенеміз дейді, – округ әкімі Шырай Мерғалиева.
Міне, ауылдағы ағайын да апта сайын тазалық пен көріктендіру айлығына өзіндік зор үлестерін қосып келеді. Қалай дегенде де қоршаған ортаға қамқорлықтың бұл көрінісі экологиялық мәдениетіміздің артуына сеп болары сөзсіз..

