Таза әрі көрікті орта қалыптастыру тек сенбілік кезінде емес, күнделікті әдетке айналуы керек.
Әр адам өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, ауылымыздың ажары да арта түседі. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды бірлікке шақырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастырады. Тазалықты өзімізден бастау – туған жерге деген құрметтің бір көрінісі.
А.Нұрай
кент тұрғыны



