«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ КҮШЕЙТУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ РЕЙДІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Рейдке аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин, кент әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, кәсіпкерлік және туризм бөлімдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында кент орталығынағы Д.Қонаев , Б.Майдыров, Ш.Уалиханов көшелері мен «Көктем» мөлтек ауданындағы сауда орындары және жеке тұрғын үйлердің айналасы тексерілді.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Табылдыұлы тазалықтың екі айлығы аясында арнайы штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті.
-Кәсіпкерлер сауда орындарының қасбеттерін ретке келтіріп, мемлекеттік тілдегі жазуларға мән беруі тиіс. Сонымен қатар дүкен сөрелерінде тауар бағалары талапқа сай көрсетілуі қажет. Бұл бір жағынан заң талабы болса, екінші жағынан тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетудің негізі. Ал тұрғындар өз аулаларымен қатар, көше тазалығына да жауапкершілікпен қарауы қажет. Мұндай рейдтік шаралар апта сайын жалғасады, – деді ол.
Индербор кентінде өткен тазалық рейді – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Таза орта – тұрғындар денсаулығының кепілі. Ал оны сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті

