Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасының басты мақсаты тек көшелер мен аулаларды тазалау емес, қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, ал тәртіп пен жауапкершілік ел дамуының негізі болып табылады.
Менің ойымша, «Таза Қазақстан» – әр азаматтың туған жеріне деген жанашырлығын көрсететін маңызды жоба. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Тазалық мәдениеті қалыптасқан қоғамда тәртіп те, жауапкершілік те жоғары болады. Сондықтан бұл бастамаға әр тұрғын белсенді қатысып, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесін қосуы қажет.
Н. Сырымқызы


