Туған жердің тазалығы – сол жерде тұратын халықтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Бүгінде аудан көлемінде сенбіліктер ұйымдастырылып, абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Осындай игі іске әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, айналаны ластамау, сенбілікке белсенді қатысу – үлкен істің бастамасы.
Ауданымыздың тазалығы сіз бен бізге байланысты. Тазалыққа бірге атсалысайық!
Е.Қайырлыұлы
Ауыл тұрғыны


