Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы ел көлемінде кеңінен жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама халықты тазалыққа, ұқыптылыққа және табиғатты қорғауға шақырады.
Тазалық – тек сенбілікке шығумен шектелмейді. Әр азамат қоқысты арнайы орынға тастап, қоғамдық орындарды таза ұстауға атсалысуы керек. Себебі таза қала мен таза ауыл – елдің мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші.
Егер әр адам айналасын таза ұстауды әдетке айналдырса, еліміз көркейіп, табиғатымыз таза болады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – баршаға ортақ іс.

