Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы әр адамның мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші болып саналады. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты да – тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Кейде бір тал қоқыс тастау елеусіз әрекет болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндай әрекеттер уақыт өте келе үлкен мәселеге айналады. Сондықтан тазалықты сақтау әркімнің күнделікті әдетіне айналуы қажет.
Балалар үлкендердің іс-әрекетіне қарап өседі. Егер үлкендер тазалықты сақтап, қоршаған ортаға ұқыптылық танытса, келешек ұрпақ та осы құндылықтарды бойына сіңіреді. Демек, тазалық мәдениеті – келер ұрпаққа қалатын ең жақсы мұралардың бірі.

