Қоғамның мәдениеті мен тәртібі оның көшелерінің тазалығынан-ақ байқалады. Таза аула, жинақы көше, көрікті қоғамдық орындар тұрғындардың жауапкершілігін көрсетеді.
«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – адамдарды тазалыққа шақыру ғана емес, оны күнделікті өмір салтына айналдыру. Қоқысты арнайы орынға тастау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, табиғатты ластамау – әр азаматтың мәдениетінің көрінісі.
Тазалық сақталған жерде тәртіп те, жайлылық та болады. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – өзімізге және келешек ұрпаққа деген құрметтің белгісі.



