ТАЗАЛЫҚ-ҚОҒАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРСЕТКІШІ

Тазалық – өмір сапасының өлшемі, қоғам берекесінің негізі. Ауылымызда өткен экологиялық акция барысында мекемелер қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсенділік танытып келеді. Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды тазалап, ауылдың ажарын ашты.

 Өңірдің мәдениеті мен тәртібі ең алдымен оның тазалығынан байқалады. Айнала таза болса – елдің ойы да, көңілі де таза. Осы орайда туған жерімізді күтіп, қоршаған ортаны ластамай, өскелең ұрпаққа үлгі болу – бәріміздің ортақ парызымыз. Республикалық бастаманы қолдай отырып, табиғатты бірге қорғайық!

Г. Шортанбаева

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT