Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны абаттандырумен қатар, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама деп есептеймін. Бұл жұмысты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.
Өзіміз тұратын көшеге, аулаға, ауылға жанашырлықпен қарау – туған жерге деген құрметтің бір көрінісі. Әр адам «бұл жерді біреу тазалайды» деген түсініктен арылып, өзінен бастағанда ғана нәтижелі өзгеріс болады.
«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, ортақ мәдениетке айналуы тиіс игі іс. Бүгінгі тазалыққа қосқан үлесіміз – ертеңгі ұрпаққа қалдырар жақсы үлгі.
Айдана Саматова
Ұстаз



