ТАЗАЛЫҚ БЕТШЕЛЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Бөдене ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жыл басынан бастап арнайы іс- шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі күнге дейін жұмыс тобы 220-дан астам үйді аралап, тұрғындарға аула тазалығы мен абаттандыру ережелері туралы ескерту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс шығару және қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы тазалық бетшелері таратылды. 

– Ауылымызда көктемгі санитарлық тазалықты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша тұрғындармен жиын өтті. Жиын ба­рысында ауыл тазалығын сақтау, сенбіліктер өткізу, аула мен көше аймақтарын ретке келтіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар көшелерде мал жаю, тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Ауыл тұрғындарына тазалық шараларына белсенді қатысып, өз аулалары мен көшелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Ауыл аумағында орналасқан мекемелердің айналасы, кіреберіс жолдар мен ауылішілік жолдардың бойы тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен қалдықтар белгіленген қоқыс алаңынашығарылды. 1 трактор тіркемесімен, 1 экскаватор-тиегіш осы іске пайдаланылуда. Сонымен қатар сенбі күндері дәстүрлі түрде ауыл тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып келеді,- дейді округ әкімі Шы рай Мерғалиева.

Осы уақыт аралығында 4 сенбілік ұйымдастырылған екен. Ар­найы техниканың көмегімен 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылыпты. Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және ауыл жастары белсенді атсалысады екен. Әр сенбілікке 40-45 адам­нан қатынасатын көрінеді. Сонымен қатар баннерлер уақытылы жаңартылып отыр. Көшелерді жарықтандыру, жасыл желектер отырғызу және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауыл тазалығы мен көркеюіне бағытталған шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырылмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT