Таза жағалау – табиғатқа тағзым

Өзен-көлдердің жағалауы – халықтың демалыс орны ғана емес, табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан жағалаулардың тазалығын сақтау маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер барысында жағалау аумақтары қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетілуде. Бұл жұмыстар табиғаттың әсемдігін сақтауға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Таза жағалау – табиғатқа деген құрметтің белгісі. Әр адам демалған жерін таза қалдыруды әдетке айналдырса, туған өлкеміздің табиғаты келер ұрпаққа сол күйінде жетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT