Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы. Қоршаған ортаның тазалығы адам денсаулығына, өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Бұл акция аясында көптеген өңірлерде сенбіліктер өткізіліп, көшелер мен саябақтар тазартылып жатыр. Әсіресе жастар мен оқушылардың белсенді қатысуы – қуантарлық жағдай. Өйткені табиғатты аялау мәдениеті жас ұрпақтан басталады.

Таза орта – таза өмірдің кепілі. Сондықтан әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы қажет. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT