Таза әрі тәртіпті ойын алаңы – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі

Құрметті кент тұрғындары мен ата-аналар!



Балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осыған байланысты, балалар ойын алаңдарының тазалығы мен тәртібін сақтауға ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз.

Ойын алаңына қоқыс тастамауды, сынған немесе қауіпті заттарды қалдырмауды, сондай-ақ балаларға арналған құрылғыларды ұқыпты пайдалануды өтінеміз. Балаларыңызға қоғамдық орынды таза ұстау мәдениетін үйретіп, ортақ мүлікке жанашырлықпен қарауға тәрбиелеулеріңізді сұраймыз.

Таза әрі тәртіпті ойын алаңы – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі.

Баршаңызды тазалық сақтауға және қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға шақырамыз!

Ізгі ниетпен,
ЖШС АгростройИндер мекемесінің аумақ басшысы
Нұрлыбек Жұбанұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT