«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында Елтай ауылдық округі аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауылдағы саябақтар, жаяу жүргіншілер жолдары, қоғамдық орындар мен жасыл желектер орналасқан аумақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, ағаштардың түптері ретке келтіріліп, айналасы абаттандырылды.
Таза әрі көрікті қоршаған ортаны қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған орай, барлық ауыл тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде қолдауға шақырамыз


