Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы арқылы елді мекендердің тазалығына ғана емес, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да ерекше мән беріп келеді. Бұл – баршамызды ортақ іске жұмылдыратын маңызды қадам.
Меніңше, тазалық мәдениеті адамның өз үйінен, ауласынан және күнделікті әдетінен басталады. Біреудің артынан тазалау емес, айналаны ластамауға дағдылану – нағыз мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан сенбіліктермен қатар, тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балаларға кішкентайынан табиғатты аялаудың маңызын үйрету қажет.
Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы тек мемлекеттік мекемелерге емес, әр тұрғынға байланысты. Әркім өз аумағына жауапкершілікпен қараса, «Таза Қазақстан» идеясы нақты нәтижеге айналады.
Баян Билялова
кент тұрғыны



