«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өте маңызды бастама деп есептеймін.
Биылғы сенбілікке аудан тұрғындарының белсенді қатысқаны қуантады. Әсіресе жастар мен оқушылардың қолдау көрсетуі – экологиялық мәдениеттің артып келе жатқанын көрсетеді. Біздің ауылда көшелер, арықтар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланып, айналаның ажары кіріп қалды. Мұндай шаралар тек қоқыс жинау үшін емес, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру үшін өте қажет. Таза, көркейген ауыл – әрбір тұрғынның ортақ мақтанышы. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін, әрі әр азамат өз үлесін қосса, туған жеріміздің келбеті одан әрі көркейе түседі.»
Н.Беккалиева
аудан тұрғыны

