"Таза Қазақстан" акциясы аясында тұрғындар арасында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында көшелердің және тұрғын үй аулаларының сыртқы тазалығының сақталуына тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, кейбір тұрғындардың үй маңына және көше бойына құрылыс материалдарын ретсіз орналастыру фактілері анықталып, үйлер мен ауланың сыртына құрылыс материалдары,коммуналдық қалдықтарды т.б заттарды шығарып тастамау мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сай ескерту жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік хаттамалар жасақталды.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Полиция бөлімі



