Таза қоршаған орта – әр адамның өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды құндылық. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, ағаш отырғызу немесе табиғатқа жанашырлық таныту – мұның бәрі үлкен істің бастамасы. Тазалық тек сенбіліктермен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналғанда ғана қоғамда оң өзгеріс қалыптасады.
«Таза Қазақстан» бастамасы әр азаматты туған жеріне жанашырлықпен қарауға үндейді. Себебі таза ел – мәдениетті қоғамның, жауапты азаматтың және жарқын болашақтың айқын көрінісі. Сондықтан тазалықты өзімізден бастап, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау – баршамыздың ортақ міндетімі


