Таза көше – тұрғынның мәдениеті

Елді мекеннің тазалығы ең алдымен оның көшелерінен байқалады. Таза әрі ұқыпты көше тұрғындардың мәдениетін, туған жерге деген жанашырлығын көрсетеді. Сондықтан көше тазалығын сақтау – әрбір азаматтың азаматтық борышы.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда санитарлық тазалықты сақтау бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Сенбіліктер өткізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылуда. Бұл жұмыстардың нәтижелі болуы тек мекемелер мен коммуналдық қызметтердің ғана емес, барлық тұрғындардың белсенділігіне байланысты.

Кейде көшеге немесе қоғамдық орындарға қоқыс тастау сияқты келеңсіз жағдайлар кездеседі. Мұндай әрекеттер елді мекеннің көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға да зиянын тигізеді. Сондықтан әр тұрғын өз ауласының, көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажет.

Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Егер әр адам өз үйінің маңын таза ұстап, қоғамдық орындарды ластамауға дағдыланса, ауылымыз одан әрі көркейіп, тұрғындарға жайлы орта қалыптасады. Таза көше – тәртіп пен мәдениеттің айқын көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT