Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан – бұл жай ғана экологиялық акция емес. Бұл – қоғамның жаңа мәдениеті мен өмір салты» деген болатын.
Расында, тазалық – әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты қорғау, туған жердің көркеюіне үлес қосу – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Осындай қарапайым істер арқылы біз балаларымызға үлгі көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз.
Таза Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз. Оның көркеюі мен гүлденуі әрқайсымыздың ісімізге байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – бүгінгі міндетіміз ғана емес, келер ұрпақ алдындағы аманатымыз.
Н.Жұмашева


