«Таза Қазақстан» - жастардың жарқын болашағына бастар жол

«Таза Қазақстан» бастамасы - еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды жоба. Бұл акцияға жастардың белсенді қатысуы қоғамдағы жауапкершілікті арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтады.


Бүгінгі жастар табиғатты қорғаудың маңызын жақсы түсінеді. Олар сенбіліктерге қатысып, көшелер мен саябақтарды тазалауға, ағаш отырғызуға және қоршаған ортаны ластамауға өз үлестерін қосуда. «Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы ғана емес, ол – тәртіп пен мәдениеттің айқын көрінісі.
Жастардың пікірінше, елдің тазалығы әр адамның өзінен басталады. Егер әр азамат туған жерін құрметтеп, айналасын таза ұстаса, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, болашақ ұрпаққа таза әрі әдемі орта қалыптасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT