Таза Қазақстан: Туған жерге жанашыр жас

Мен  әр сенбілікке белсенді қатысуға тырысамын. Біз ағаштардың түбін әктеп, айналамызды тазалап, табиғатты аялауға өз үлесімізді қосамыз. Ауылымыздың таза әрі әдемі болғанын қалаймыз. Тазалық – тек үлкендердің емес, біз сияқты жастардың да міндеті деп ойлаймын. Осындай жұмыстар арқылы біз еңбекке үйреніп, туған жерімізге деген сүйіспеншілігімізді арттырамыз. 

Менің ойымша, тазалық – әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. Егер әрқайсымыз айналамызға жанашырлықпен қарап, жауапкершілік танытсақ, еліміз де, ауылымыз да одан әрі көркейе түседі. Болашақта да осындай игі бастамаларға белсенді қатысып, туған жерімді таза әрі әдемі етуге өз үлесімді қоса беремін.

Ж.Жамбул

оқушы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT