«Таза Қазақстан» бастамасы – еліміздің әрбір тұрғынына ортақ маңызды іс. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін бұл акцияның маңызы зор.
Себебі ауылдың тазалығы – халықтың денсаулығы мен ұрпақ тәрбиесінің кепілі. Қазіргі таңда ауыл көшелері тазартылып, ағаштар отырғызылып, сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Мұндай жұмыстар ауылдың көркеюіне үлкен үлес қосады.
Ауыл тұрғыны ретінде бұл бастаманы толық қолдаймын. Тазалық – тек бір күндік жұмыс емес, ол әр адамның күнделікті мәдениеті болуы керек. Мемлекет басшысы көтерген бұл игі бастама халықты бірлікке, еңбекқорлыққа және туған жерді құрметтеуге үндейді. Таза ауыл – берекелі ауыл. Сондықтан табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

