ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі. Сенбіліктерде аулалар мен көшелер тазаланып, қоқыс шығарылып, жасыл желектерге күтім жасалып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Ең қуантатыны – бұл іске түрлі сала өкілдері, жастар, еріктілер мен тұрғындардың белсенді атсалысуы. Тазалықты тек акция кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз керек. Себебі таза көше мен көрікті аула – бір мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ еңбегінің нәтижесі.

 

 

А.Бокирова

Ұстаз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT